ПРЕЗИДЕНТ САЙЛАУЫ: ОБЛЫС ӘКІМІ ЗАЙЫБЫМЕН КЕЛДІ

Уақыты: 09.06.2019
Оқылды: 1178
Бөлім: САЯСАТ

Талдықорғандағы №974 сайлау учаскесіндегі жұмыс таңғы сағат 7:00-ден қызу. Алматы облысының әкімі Амандық БАТАЛОВ өмірлік жолдасымен бірге дәл осы сайлау учаскесінде өз таңдауын жасады.

Себелеп өткен жазғы жаңбыр астында дауыс беруге асыққандар қатары толастамады. Барлығы 2454 сайлаушы тіркелген учаскеге 8 адам бақылаушы болып келген. Комиссия құрамындағы 11 адам сайлаушылардың алаңсыз дауыс беруге жасалған мүмкіндікті таныстырып, бюллетен салынатын жәшіктің орналасуын түсіндірді.

Көппен бірге дауыс беруге келген облыс әкімі Амандық Баталов биылғы сайлаудың маңызды екендігін атап өтіп, Жетісу жұртшылығы соған сай дұрыс таңдау жасайтындығына сенім білдірді. Аймақ басшысы "Facebook" парақшасына миллиондаған қазақстандықпен бірге тұрақтылық пен өрлеу жолында дауыс бергені туралы арнайы пост жазды.

Мәди АЛЖАНБАЙ