"NUR OTAN" ПАРТИЯСЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІ КЕНЕН ӘЗІРБАЕВТЫҢ ҚЫЗЫМЕН ЖОЛЫҚТЫ

Уақыты: 25.12.2020
Оқылды: 888
Бөлім: МІНБЕР

Іле ауданындағы үгіт-насихат жұмысы аясында «Nur Otan» партиясынан Алматы облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Жанболат Жөргенбаев канвассинг кездесу өткізді. Бұл туралы "Жетісу" газеті хабарлады.

Еңбек ардагері, көпбалалы ана, Халық ағарту ісінің озық қызметкері, Мәдениет қайраткері Төрткен Кененқызының үйінде болып, ардагердің ақ батасын алды.

Төрткен апамыздың әкесі Кенен Әзірбаев халық ақыны, сазгер, әнші. Кездесу барысында Жанболат Әкебайұлы үй иесімен жылы сұхбаттасып, келген мақсатын айтып, партияның сайлауалды бағдарламасына кеңінен тоқталды.

Төрткен Кененқызы партия жасап жатқан игі бастамларға тілектестік танытып, сәттілік тіледі. Үміткер Жанболат Әкебайұлы 10 қаңтарда өтетін сайлауда «Nur Otan» партиясын қолдауға шақырды. Соңынан ардагерге қажымас қайрат, мықты денсаулық тіледі.

Мәулен ДАНИЯРҰЛЫ

Алматы облысы

(«Nur Otan» партиясы Алматы облысы Сайлау қорының қаражаты есебінен төленді. Тапсырыс беруші: Жөргенбаев Жанболат Әкебайұлы)