КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН 185 ЖОЛ-КӨЛІК ОҚИҒАСЫ ТІРКЕЛДІ

Уақыты: 19.06.2021
Оқылды: 1314
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

«Jetisy media» ақпараттық алаңында облыстағы жол қозғалысының қауіпсіздігіне арналған брифинг өтті. Онда облыстық полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Бағдат Әшімов атқарлып жатқан жұмыстарды баяндады.

Биыл бес айдың ішінде 801 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 129 адам қаза тапқан. Ал жарақат алған адамдарың саны 1297-ні құрайды. Кәмелетке толмағандардың қатысуымен орын алған 185 жол-көлік оқиғасында 8 бала қайтыс болып, 227-і жарақат алған. Жаяу жүргіншілерің қатысуымен 251 оқиға тіркеліп, 50 адам қаза тапты. Осындай деректермен бөліскен Бағдат Бақбергенұлы:

- Жүргізілген талдауларға сәйкес, жол-көлік оқиғасының негізгі себептерінің бірі – жүргізушілер тарапынан тәртіптің сақталмауы. Көбіне жылдамдықты асыру арқылы оқыс оқиғалар орын алуда. Автокөлік ағымы көп республикалық жолдарда жаяу жүргіншілер арнайы белгі жоқ жерден өтуі салдарынан да қайғылы жағдайларға тап болуда, – деп апаттың деңгейін төмендету мақсатында кешенді шаралар жүзеге асырылып жатқанын айтты. 150 ден аса потрульдік бағыттар әзірленіп, жүйелі түрде рейдтік шаралар жүргізілуде.

Спикердің айтуынша, жыл басынан бері жол қозғалысынң ережесін бұзуға қатысты 140 мың дерек анықталған. Бұл көрсеткіш былтырғы жылмен салыстырғанда 60 пайызға жоғары. Ереже бұзғандардың барлығы әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

 

Мәулен ӘНЕРБАЙ