ЖАРКЕНТТЕ ІШІМДІК ІШКЕН ӘЙЕЛ БӨТЕЛКЕЛЕСІН САПТАЯҚПЕН ҰРЫП ӨЛТІРДІ

Уақыты: 21.08.2021
Оқылды: 972
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Жаркентте 48 жастағы әйел бірге ішімдік ішкен бөтелкелесіН өлтірді деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы "Жетісу" газеті облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлады.

Полицияға Жаркенттегі жер үйлердің ауласының бірінде қинап өлтіру белгілерімен ер адамның мүрдесі жатқандығы жөнінде хабарлама түсті. «Жедел тексеру кезінде полицейлер күдікті ретінде мерт болған адамның 48 жастағы көршісін ұстады. Әйел адам түнгі сағат 02:00 шамасында көршісімен ішімдік ішіп, оған тисе бастағанын жеткізген. Сол себепті ол керамикалық саптаяқпен бірнеше рет басынан ұрып, үйіне қашып кеткенін айтқан. Ал таңертең келгенде 48 жастағы көршісінің жансыз денесінің аулада жатқанын көрген», - делінген полиция хабарламасында.

Қазір айғақзаттар іске тіркелді. Күдікті әйел уақытша қамалды. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы «Адам өлтіру» бойынша жүріп жатыр.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"