ЖАМБЫЛ АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫСШЫЛАР ЖАНЖАЛДАСЫП, СОҢЫ ӨЛІММЕН АЯҚТАЛДЫ

Уақыты: 03.12.2021
Оқылды: 1194
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Жамбыл ауданында құрылысшылар ішімдік ішіп, соңы адам өлімімен аяқталды. Қайғылы оқиға Айдарлы ауылында болған.

Полицияға 32 жастағы азаматтың пышақ жарақатымен ауруханаға түскендігі жөнінде хабарлама түскен. Оқиғаның мән-жайын анықтап, жедел іздестіруге кіріскен полицейлер 37 жастағы Ұзынағаш ауылының тұрғынын ұстады. «Күдікті жәбірленушіге пышақ жарақатын салғанын мойындады. Оның сөзінше, жәбірленуші екеуі бірігіп ішімдік ішкен, артынан екеуінің арасында жанжал туындап, ол бөтелкелесінің ішіне пышақ жарақатын салған. Айғақзат ретінде пышақ тәркіленді», - делінген Алматы облыстық полиция департаменті хабарламасында.

Жәбірленуші алған жарақатынан екі күннен кейін ауруханада көз жұмды. Тергеу жүріп жатыр.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"