ІЛЕ АУДАНЫНДА 51 ЖАСТАҒЫ ЕР АДАМ БӨТЕЛКЕЛЕСІН ПЫШАҚТАП ӨЛТІРДІ

Уақыты: 04.12.2021
Оқылды: 1121
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Іле ауданында 51 жастағы ер адам бөтелкелесін өлтіріп қойды.

Оқиға Междуреченск ауылында болған. «Іле ауданының 51 жастағы тұрғынына қатысты тергеу басталды. Оның үстінен адам өлтірді деген баппен іс қозғалды. Алдын ала тергеу мәліметі бойынша, екі ер адам бірігіп ішімдік ішкен, соңы жанжалға әкеліп, 51 жастағы адам бөтелкелесінің тамақ тұсына пышақ жарақатын салған. Күдікті өз кінәсін мойындап отыр. Айтуынша, ол қылмыс жасағанына қатты өкінеді. Ішімдіктің буымен осындай қылмысқа барғанын айтады», - делінген Алматы облыстық полиция департаменті жариялаған хабарламада.

Қазір күдікті қамауға алынды. Ол жәбірленушіге "Жедел жәрдемді" өзі шақырған.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"