АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ПОЛИЦЕЙЛЕРІ 30 ШАҚЫРЫМДЫҚ МАРАФОНҒА ҚАТЫСТЫ

Уақыты: 09.12.2021
Оқылды: 1038
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Алматы облысының полиция қызметкерлері Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай 30 шақырым жолды тоқтаусыз жүгіріп өтті. Бұл туралы "Жетісу" газеті хабарлады.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған "Спорт өмір / Спорт life" челленджі аясында Алматы облысының полицейлері 30 шақырымдық марафон өткізді. Жүгіру марафоны Текелі қаласында басталып, Талдықорғандағы Алматы облысы полиция департаментінің ғимаратында аяқталды. Марафонға 50 полицей және жеңіл атлетикадан Қазақстан Республикасының спорт шебері, марафоншы Дулат Иманқажы қатысты. Мерейтойлық эстафета Ақмола облысының полиция қызметкерлеріне жолданды.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"