ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНЫНДА ЖОҒАРЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫ ТӨБЕЛЕСТІ

Уақыты: 12.12.2021
Оқылды: 1182
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Еңбекшіқазақ ауданының Рахат ауылында жоғары сынып оқушылары төбелесті. Аталған жайтқа Алматы облыстық полиция департаменті түсініктеме берді.

"Рахат ауылдық округінде оқушылар арасында жанжал туындаған. Тексеру барысында оқиғаның сабақтан кейін, сағат 13:30-да №1 мектептің 10 және 11-сынып оқушылары арасында болғаны анықталды. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды (бұзақылық)», - деді полиция өкілдері.

Тергеу аясында сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу барысын полиция басшылығы өз бақылауына алған. Аталған факті бойынша материалдар кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау жөніндегі комиссияға жіберіледі.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"