БҮЛІК КЕЗІНДЕ НЕШЕ АДАМ ҚАЗА ТАПТЫ? БАС ПРОКУРАТУРА МӘЛІМДЕМЕСІ

Уақыты: 17.01.2022
Оқылды: 1280
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

ҚР Бас прокуратурасы қылмыстық қудалау қызметінің бастығы Серік Шалабаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте бүлік кезінде неше адамның көз жұмғанын мәлім етті.

"Адам шығыны болған оқиғаларды тергеп, тексеруге ерекше назар аударылуда. Бүгінгі күні 4578 жәбірленуші анықталды. Оның 4353-і жараланды. Оның ішінде 3393-і құқық қорғау органдарының қызметкерлері. Төтенше жағдай кезінде моргтерге қаза тапқан 225 адам жеткізілді. Олардың бір бөлігі террактілерге қатысқан, ғимараттар мен құқық қорғау қызметкелеріне шабуыл жасаған қарулы бандиттер. Қаза болғандардың ішінде 19 полиция және әскер қызметкері де бар. Аталған деректер алдын ала мәліметтер. Әлі нақтыланып жатыр, өзгеруі де мүмкін. Дегенмен, әрбір факт мұқият тексеріледі, нәтижесі бойынша құқықтық баға беріледі", - деді Бас прокуратура өкілі.

Айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев күштік құрылымдардың басшыларымен кеңес өткізіп, Қазақстанда, соның ішінде Алматыда болған қайғылы жағдайларды жан-жақты зерттеу қажеттігін айтқан болатын.

"ҚАЗАҚПАРАТ"