ТАЛДЫҚОРҒАНДА ЖӘНЕ ОБЛЫС АУМАҒЫНДА ТЕРРОРЛЫҚ ҚАУІП ӘЛІ КҮШІНДЕ

Уақыты: 19.01.2022
Оқылды: 1131
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Алматы облысының терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабы Талдықорған қаласы мен Алматы облысының аумағында терроризмге қарсы операция режимі мен террористік қауіптіліктің "қызыл" деңгейі сақталып тұрғаны туралы хабарлайды.

Терроризмге қарсы іс-шаралар шеңберінде Алматы облысы бойынша полиция департаменті, Ұлттық Ұлан және ҚР Қорғаныс министрлігі әскери қызметшілерінің күшімен қаланы тәулік бойы патрульдеу қамтамасыз етіледі. Блокпосттар жұмысын жалғастыруда. Террористік қауіптіліктің "қызыл" деңгейінде құқық қорғау органдарына азаматтардың жеке басын, көлік құралдарын, заттарын тексеруге, сондай-ақ, олардың қозғалысын уақытша шектеуге немесе тыйым салуға рұқсат етілетінін еске саламыз.

Мұндай кезде шерулер мен митингілер өткізуге тыйым салынады. Құқық қорғау органдарының жұмысына түсіністікпен қарауды, заң талаптарын ұстануды сұраймыз. Терроризмге қарсы операцияның аяқталу мерзімі туралы қосымша хабарланады.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"