ЕСІК ҚАЛАСЫНДАҒЫ АТЫС: ОҚ ТИГЕН 18 ЖАСТАҒЫ ЖІГІТ АУРУХАНАДА КӨЗ ЖҰМДЫ

Уақыты: 24.07.2022
Оқылды: 1469
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Еңбекшіқазақ ауданының орталығы Есік қаласында атыс болды. Атыс салдарынан бір адам көз жұмды. Бұл туралы "Жетісу" газетінің сайты полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Есік қаласының көшелерінен атыс дауысы естілгендігі жөнінде хабарлама түсті. Тексеру барысында Еңбекшіқазақ аудандық ауруханасына 18 және 30 жастағы Есік қаласының тұрғындары түскені анықталды. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің адам өлтіруге оқталу бабы бойынша тергеліп жатыр. Атыс кезінде жараланған екеуі де ауруханаға ауыр халде жеткізілді. Оларға шұғыл ота жасалды. 2004 жылғы ер адам қайтыс болды. Ал екіншісі жансақтау бөлімінде. Жағдайы ауыр», - делінген ресми хабарламада.

"АЛАТАУ-АҚПАРАТ"