ТРАКТОР БАСҚАН. АЛАКӨЛ АУДАНЫНДА АЛТЫ ЖАСАР БАЛА МЕРТ БОЛДЫ

Уақыты: 26.07.2022
Оқылды: 1246
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Жетісу облысында 6 жасар бала трактордың астына түсіп көз жұмды. Бұл туралы Жетісу облыстық полиция департаменті хабарлады.

Қайғылы жағдай Алакөл ауданның орталығы Үшарал қаласында болған. Тракторды 50 жастағы ер адам жүргізген. Ол баланың ата-анасына шөп жеткізген. Ата-анасы үй шаруасымен жүрген кезде 6 жасар бала трактордың тіркегішіне мініп алған.

«Трактор қозғалған кезде бала тіркегіштің дөңгелегінің астында қалған. Қазір аталған факті негізінде ҚР Қылмыстық кодексінің 104-бабы, 1-тармағына сәйкес тергеу жүріп жатыр. Қажетті сот-медициналық сараптама тағайындалды», - деді полиция өкілдері.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"