АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА 360 МИЛЛИОН ТЕҢГЕНІҢ МҮЙІЗІ ТӘРКІЛЕНДІ - ПОЛИЦИЯ

Уақыты: 30.07.2022
Оқылды: 1553
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Алматы облысында полиция құны 360 миллион теңге болатын киік мүйізін тәркіледі.

Полиция департаментінің ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүзеге асыру барысында киік мүйізін заңсыз алып бара жатқан бір топ адамды ұстады.

«Жедел іздестіру жұмыстары барысында «Алматы-Бішкек» республикалық трассасында солтүстікке қарай кетіп бара жатқан көлік тоқтатылды. Көліктің салонынан 2048 дана киік мүйізі салынған 13 қап табылды. Аумақтық орман шаруашылығы өкілдерінің алдын ала есебі бойынша, мемлекетке келген шығын 360 миллион теңгені құрап отыр. Ұсталған күдіктілерге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жүріп жатыр», - деді Алматы облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Елдар Әбдікенов.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"