ЗОРЛАП, ӨЛТІРГЕН. ЖАРКЕНТ ӨҢІРІНДЕ ЖАНТҮРШІГЕРЛІК ҚЫЛМЫС ТІРКЕЛДІ

Уақыты: 31.07.2022
Оқылды: 1731
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Жаркент өңірінде 15 жастағы жасөспірім қызды зорлап, өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды.

Полиция жоғалған қыздың денесін тапты. Оны іздестіру жұмыстары бір апта бойы жүргізілді. «Күдікті қаза болған қыз тұратын ауылдың тұрғыны болып шықты. Анықталғанындай, күдікті оқушыны алдымен зорлап, артынша қылмысын жасыру үшін өлтірген. Кейін ауылдың шетіне апарып, көміп тастаған. Ол мұндай әрекетке қылмысын жасыру үшін барғанын айтты. Қазір жасөспірім қыздың денесі сот-медициналық сараптамаға жіберілді», - делінген Жетісу облыстық полиция департаменті таратқан хабарламада.

Полиция ақпаратына сәйкес, күдікті қамауға алынды. Ол өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Оқиға 21 шілде күні Панфилов ауданына қарасты Шолақай ауылында болған.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"