ТАЛДЫҚОРҒАНДА ӘЙЕЛ АДАМ СОҚҚЫҒА ЖЫҒЫЛДЫ. ПОЛИЦИЯ МӘЛІМДЕМЕСІ

Уақыты: 25.08.2022
Оқылды: 1045
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Жетісу облысында әйелді соққыға жыққан ер адамға қатысты тергеу басталды.

Әлеуметтік желіде ер адамның әйел адамға көшеде күш көрсетіп жатқан видеосы тарады. Оқиға Талдықорған қаласында болған. «Бейнежазба назарға алынды. Аталған оқиға 20 тамыз күні кешке Талдықорған қаласындағы Қабанбай батыр мен Ақын Сара көшелеріне жақын жерде орын алғаны белгілі болды», - деп мәлімдеді Ішкі істер министрлігі.

Алайда Талдықорған қалалық полициясына арыз бен өтініш түспеген. Оған қарамастан факті бойынша жанжалға қатысушыларды анықтауға бағытталған қажетті іздестіру іс-шаралары ұйымдастырылды.

Полиция зардап шеккен әйел мен оқиға куәгерлерін 8-702-807-94-27 немесе 102 нөмірлері бойынша хабарласуды сұрайды.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"