ЕСКЕЛДІ АУДАНЫНДА ЖАНТҮРШІГЕРЛІК ЖОЛ АПАТЫ ТІРКЕЛІП, ҮШ АДАМ МЕРТ БОЛДЫ

Уақыты: 03.09.2022
Оқылды: 1363
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Ескелді ауданында жантүршігерлік жол апаты тіркелді. "Toyota Camry" және "Mitsubishi L200" автокөліктері соқтығысып, жол апатынан үш адам қайтыс болды.

Алдын ала дерек бойынша «Алматы-Өскемен» автожолының 295-нші шақырымында Toyota Camry автокөлігін жүргізген 40 жастағы ер адам рульге ие бола алмай, қарсы жолаққа шығып кетіп, Mitsubishi L200 автокөлігімен соқтығысқан.

Оқиға орнында жас әйел мен 10 жасар бала көз жұмды. Ауыр жарақат алған тағы төрт адам ауруханаға жеткізілді. Алайда біршама уақыт өткеннен кейін 13 жасар қыз да көз жұмды.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы, 4-бөлігі бойынша тергеу басталды.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"