ҚАСКЕЛЕҢНІҢ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ЖҮКТІ ӘЙЕЛДІ БОСАНДЫРЫП АЛДЫ

Уақыты: 07.09.2022
Оқылды: 1143
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Алматы облысының полицейлері жүкті әйелді патрульдік көлікте босандырып алды.

«7 қыркүйекке қараған түні Қарасай аудандық полиция қызметкерлері жүкті әйелге көмек көрсетті. Полиция қызметкерлері толғағы қысқан әйелді перзентханаға барар жолда патрульдік көлікте босандырып алды. Оқиға Алматы-Боралдай-Жібек жолы автожолының 16-ншы шақырымында болды. Ер адам патрульдік полиция қызметкерлерін тоқтатып, жүкті әйелін ауруханаға жеткізуін өтінген. Жол бойында әйелді толғақ қатты қысып, полиция қызметкерлері оны босандырып алуға мәжбүр болған», - делінген Алматы облыстық полиция департаменті хабарламасында.

Полиция ақпаратына сәйкес, алғашқы көмек көрсетілген соң, ана мен жаңа туған сәби дереу ауруханаға жеткізілді.

"АЛАТАУ-АҚПАРАТ"