КӨКСУ АУДАНЫНДА 66 ЖАСТАҒЫ ЗЕЙНЕТКЕРДІ КӨЛІК ҚАҒЫП КЕТТІ - ПОЛИЦИЯ

Уақыты: 16.09.2022
Оқылды: 2095
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

"Алматы - Өскемен" тас жолының 203-нші шақырымында зейнеткерді көлік қағып кетті. Оқиға Көксу ауданы, Айнабұлақ ауылының маңында болған.

«39 жастағы ер адам «Митсубиси Делика« көлігін жүргізіп келе жатып жаяу жүргіншіні қағып кеткен. 66 жастағы зейнеткер оқиға орнында мерт болды. Ол жаяу жүргіншіге арналған жолақтан өтіп бара жатқан. Қазір аталған факті бойынша тергеу басталды», - делінген Жетісу облыстық полиция департаменті хабарламасында.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"