ТАЛДЫҚОРҒАНДА ҮШ ЖАСАР СӘБИДІҢ ӨЛІМІНЕ ҚАТЫСТЫ ТЕРГЕУ БАСТАЛДЫ

Уақыты: 19.09.2022
Оқылды: 1330
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Талдықорғанда 3 жасар баланың өліміне қатысы бар деген күдікпен 23 жастағы тұрғын ұсталды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі мәлімдеді.

12 қыркүйекте Талдықорғандағы аурухананың бірінде 3 жасар бала көз жұмды. Дәрігерлер балаға бас жарақаты деген диагноз қойған. Оның өліміне қатысы бар деген күдікпен бұрын осы баланы қарап, баққан 23 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. Қыз қамауға алынды, бірақ кейінірек қалалық сот күдіктіге «үй қамағы» санкциясын берді.

Осы факті бойынша сараптама тағайындалып, Қылмыстық кодекстің "Абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бабы негізінде тергеу амалдары жүргізілуде. Қылмыстық іс Жетісу облыстық полиция департаментінің бақылауына алынды.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"