ТАЛҒАРДА КӨЛІК ЖҮРГІЗУШІ ЖАС ЖІГІТ МЕКТЕП ОҚУШЫСЫН МЕРТ ҚЫЛДЫ

Уақыты: 20.09.2022
Оқылды: 1419
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Талғар ауданында көлік жүргізушісі 10 жасар баланы қағып кетті. Қазіргі таңда көлік жүргізушісіне қылмыстық іс қозғалды.

Әлеуметтік желіде жүргізушінің кәмелет жасына толмаған баланы қағып кеткені туралы жазба жарияланған болатын. Ондағы жазбада жергілікті тұрғындар жолды жауып, наразылыққа шықпақ болғаны жайлы, мұндағы мектеп үш ауысымда екені айтылған.

Алматы облысы полиция департаментінің хабарлауынша, 10 жасар оқушыны қағу дерегі 19 қыркүйек күні, кешкі сағат 18:45-те Жаңалық ауылында болған. Тoyota Camry автокөлігінің 24 жастағы жүргізушісі Жаңалық ауылында "Жетіген-Алматы" автожолының бойында жаяу жүргіншілер өткелінде 10 жасар баланы қағып кеткен. Алған жарақатынан бала оқиға орнында мерт болған.

Аталған дерек бойынша Талғар ауданының полицейлері сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Іс бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды.

"АЛАТАУ-АҚПАРАТ"