ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ ШЕКАРАСЫНДА ҰЗЫН-СОНАР КЕПТЕЛІС: АХУАЛ ЕРЕКШЕ БАҚЫЛАУДА

Уақыты: 23.09.2022
Оқылды: 1772
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Қазақстан-Ресей шекарасында Қазақстан Республикасына кіріп жатқан шетел азаматтарының саны артып жатыр.

Орнатылған 30 автомобильдік өткізу пункті штаттық режимде жұмыс істеуде. Адамдар мен көлік құралдары санының ұлғаюына байланысты өткізу бекетінің төртеуінде кептеліс орын алуда.

Ахуал ерекше бақылауда. Шекара қызметі мемлекеттік құзыретті органдармен бірлесіп, шекара арқылы өту орындарында қауіпсіздік пен құқықтық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етуде.

Ресей шекара ведомствосымен өзара бірлескен іс-қимыл ұйымдастырылды. Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі өзінің іс-әрекетінде халықаралық шарттарды және ҚР ішкі заңнама нормаларын басшылыққа алады.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"