ЕСКЕЛДІ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМДІГІ ТЕРГЕП-ТЕКСЕРУГЕ ІЛІКТІ - АНТИМОНОПОЛИЯ

Уақыты: 10.11.2022
Оқылды: 1573
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті "Алматы облысының Парапланерлік спорт федерациясы" ҚБ тарапынан жазылған "Ескелді ауданы әкімінің аппараты" ММ іс-қимылына қатысты өтінішін қарады.

Өтінішті қарау нәтижелері бойынша аталған әкімдіктің іс-әрекеттерінде ҚР Кәсіпкерлік Кодексінің 194-бабында көзделген бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзу белгілері байқалды. Аталған іс заңнаманың нарықтың жекелеген субъектiлерiне бәсекелестеріне қатысты артықшылық жағдайға қоятын жеңiлдiктер немесе басқа да артықшылықтар беру немесе бәсекелестермен салыстырғанда қызметтерінде қолайсыз немесе кемсiтушілік жағдайлар жасау тармақтары бойынша қаралды.

Бұл парапланерлік спорт қызметтерін көрсететін нарық субъектілері арасындағы адал бәсекелестікті шектеуге және жоюға әкелді. Осыған байланысты департамент әкімдіктің атына анықталған заңбұзушылық белгілерін жою туралы хабарлама шығарды. Алайда белгіленген мерзімде әкімдік хабарламаны орындамады, соның негізінде, департамент тергеп-тексеру рәсімін бастады.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"