Талдықорғанда түнгі рейд жүргізілді: Жасөспірімдер арасында 964 құқық бұзушылық анықталған

Уақыты: 14.04.2023
Оқылды: 653
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Талдықорған қаласында кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторларымен, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының және облыстық білім басқармасы қызметкерлерімен бірлескен рейдтік іс-шаралар жүргізілді, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы.

Жетісу облысы ПД Баспасөз қызметі хабарлағандай аталмыш рейд жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың, сондай-ақ нашақорлықтың, түнгі уақытта ойын-сауық орындарда және көшелерде заңды өкілдерінсіз болуының алдын алу, зорлық-зомбылыққа қарсы әрекет жасауға бағытталған.

Іс-шара облыстың барлық аудандарын қамтыды. ІІО-да есепте тұратын қолайсыз отбасын және кәмелетке толмағандардың тұрғылықты мекен-жайлары тексерілді.

Нәтижесінде түнгі уақытта ойын-сауық орындарда заңды өкілдерінсіз болғандары үшін – 1, алкогольді өнімдерді 21-жасқа толмаған тұлғаға сатқандары үшін – 1, түнгі уақытта көшеде заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз болғандары үшін – 30 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. 

Жалпы жыл басынан жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алуға әсерін тигізетін 964 құқық бұзушылық анықталып, жолы кесілді.

Осындай рейдтік іс-шаралар күнделікті, әсіресе жұма-жексенбі күндері аралығында күшейтілген режимде өткізілетін болады.