Тіркеуге жатпайды

Уақыты: 17.08.2023
Оқылды: 495
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге жататын нормативтік-құқықтық актілерді шығаруды, мемлекеттік тіркеуді және олардың күшін жоюды реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау саласында орталық мемлекеттік органдар мен олардың ведомстволарына, мәслихаттар мен олардың аппараттарына, әкімдіктерге, әкімдік аппараттарына, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларына бақылау жасау негізгі функцияларының бірі саналатын әділет органдары еліміздің «Құқықтық актілер туралы» Заңының 35-1 бабына сәйкес орталық мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволарының, мәслихаттардың, әкімдіктердің, әкімдердің және облыстар, республикалық маңызы бар қалалардағы тексеру комиссияларының нормативтік-құқықтық актілерін олардың күшіне енуінің шарты ретінде қарастырып, мемлекеттік тіркеуді шарт санайды.

Сонымен бірге, ҚР Әділет министрінің 2023 жылғы 26 маусымдағы №408 бұйрығымен әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге жатпайтын нормативтік-құқықтық актілердің тізбесі бекітілген. Басаяғы 18 тізімге көптеген салалар қамтылған. Атап айтқанда, нормалары ведомствоішілік қызметті реттейтін және үшінші тұлғалардың мүдделерін қозғамайтын «Қызмет бабында пайдалану үшін», «Баспасөзде жарияланбайды», «Баспасөзге арналмаған» деген белгілері бар нормативтік-құқықтық актілер, ҚР Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын бекіту жөніндегі нормативтік-құқықтық акті, ҚР Ұлттық қорының қолма-қол ақшаны бақылау шоты, жәбірленушілерге өтемақы қорының, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің бюджеттері арасында бөлу кестесін бекіту жөніндегі нормативтік-құқықтық акті, республикалық немесе жергілікті бюджеттер есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелердің оларды өткізуден түсетін ақшасы өзінің иелігінде қалатын тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) тізбесінің сыныптауышын бекіту жөніндегі нормативтік-құқықтық акті мемлекттік тіркеуге жатпайды.

Сондай-ақ, ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне тұрғын үй са- тып алу немесе салу үшін көтерме жәрдемақы және әлеуметтік қолдау көрсету туралы нормативтік-құқықтық актілер тіркеу қажет емес. Осыған орай мемлекеттік тіркеуге жатпайтын нормативтік-құқықтық актілердің тізбесін таныстыруды өзімізге міндет санаймыз.

Мейрамбек ДҮЙСЕМБИНОВ,

облыстық әділет департаменті

нормативтік-құқықтық актілерді тіркеу бөлімінің бас маманы