Қазақстанда ерлеріне озбырлық көрсететін әйелдер көбейген – министрлік

Уақыты: 18.10.2023
Оқылды: 625
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Ішк істер министрінің орынбасары Қазақстанда әйелде озбырлық көрсететін отбасылардың да көбейіп бара жатқанын мәлімдеді.

Бұл туралы 7-su.kz желілік басылымы КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Әдетте зорлық-зомбылық десе, тек озбыр отағасын елестетсек, қазір ішіп алып ойран салатын нәзік жандылар да екі есеге көбейген. Ішкі істер министрлігі тұрмыстық жанжал шығарушыларға енді тек хаттама толтырып қана қоймаймыз деп отыр.

Үйдегі ұрыс-керістің түр-сыйпатына қарай мұндай адамдар есепке алынады. Қала берді қамалады. Жалпы жанұялық агрессорларға арналған 35 уақытша бейімдеу мен детоксикация орталықтары жұмыс істеуде. Олардың барлығы облыс орталығында мен республикалық маңызы бар қалаларда орналасқан.

"Біз әйелдерінен теперіш көрдік деп хабарласып жатқан еркектердің де барын айтқымыз келеді. Әрине, бұл статистика ер азаматтарға қарағанда аз. 10 пайызды құрайды. Бірақ дегенмен отбасының берекесін бұзып жанжал, төбелес шығаратындардың ішінде әйелдер де бар. Көбіне не есірткі тұтынғандар, болмаса, арақ ішіп алғандар арасында мұндай ұрыс болады. Қазір мас күйінде тұрмыстық жанжал шығарушыларды оқшаулау мәселесі маңызды. Еліміз бойынша 880 төсек-орын бар, 35 уақытша бейімдеу орталығы жұмыс істеп тұр”, – дейді ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха.

Фото: ғаламтордан алынды