"Маған берілген қорқынышты сандармен бөліскім келеді": Заңгер президентке үндеу жолдады

Уақыты: 18.10.2023
Оқылды: 458
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Салық заңгері, қоғам қайраткері Айжан Балакешова президент пен премьер-министрге қаржы министрлігі мен мемлекеттік кірістер комитетінің әрекетіне шағымданып, бейнеүндеу жариялады.

Бұл туралы 7-su.kz желілік басылымы  Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Заңгер президенттің бизнес елдегі бизнес өкілдерімен кездесу барсында айтқан сөзіне тоқталды.

"Сіз, құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, бизнес қауымдастығымен кездесу кезінде "салық төлеушілерді және жалпы бизнесті сотқа сүйремеу керек" деп айтқан едіңіз, бірақ мемлекеттік органдар сотқа талап-арыз түсіруді жалғастырып жатыр. Мәселе мынада, Қазақстанда қаржы министрлігі мен мемлекеттік кірістер комитетінің басшылығы тарапынан сотқа операцияларды жарамсыз деп тану туралы талап-арыздар өте көп беріледі", – дейді Балакешова өзінің видеоүндеуінде.

Заңгер мемлекеттік кірістер комитетіне өтініш бергенін айтты.

"Маған берілген қорқынышты сандармен бөліскім келеді. 2022 жылғы қаңтардан бастап 2023 жылғы 30 маусымға дейін, яғни 1,5 жыл ішінде мемлекеттік кірістер органдары салық төлеушілерге операцияларды жарамсыз деп тану туралы жалпы сомасы 898 млрд теңгеге 5 555 талап-арыз берген, оның ішінде 592 млрд теңгеге 4 282 талап қанағаттандырылған. Құрметті Қасым -Жомарт Кемелұлы, құрметті Әлихан Асханұлы! Салық төлеушілердің 80 пайызы экономикалық сотта ұтылған. Бұл қаржы министрі көлеңкелі экономикаға қарсы күресте құрған бұл жүйемен салық төлеушілердің күресе алмайтынын көрсетеді", – дейді заңгер.

Оның айтуынша, мемлекеттік кіріс органдары сотта жеңіп шыққан 592 миллиард теңгенің 32 пайызы бюджетке түсуі керек, бұл 190 млрд теңгені құрайды.

"Қаржы министрлігінің әрекеттеріне сүйене отырып, бюджетке 190 миллиард теңге түсуі керек, ал бұл істерден бюджетке тек 4,278 миллиард теңге нақты ақша түскен. Бұл 190 миллиард теңгенің 2 пайызы ғана. Құрметті Қасым- Жомарт Кемелұлы, құрметті Әлихан Асханұлы! Қаржы министрлігі мен мемлекеттік кірістер комитеті сіздің көлеңкелі экономикамен күресуге қатысты нұсқауларыңызды орындамай отыр. Олар бизнесті де өлтірді, бұл болашақта бизнестің банкрот болуына, ал адамдар жұмыссыз қалуына әкеледі. Ал бюджетке түсуі керек болған қаржының бар жоғы 2% ғана түсуі – бұл сіздің тапсырмаңызды мүлде дұрыс орындамалмағанын көрсетеді", – деді Балакешова.

Бейнеүндеу соңында заңгер президент пен премьер-министрге өтініш жасады.

"Бұл мәселе бұған дейін әртүрлі палаталар, қауымдастықтар, бизнес-омбудсмендер тарапынан неге көтерілмеді, неге тоқтатылмады, мен білмеймін, бірақ қоғам қайраткері ретінде сіздерден қаржы министрін, мемлекеттік кірістер комитеті тоқтатуды сұраймын. Олармен күресу мүмкін емес. Сіздің қолдауыңыз бен қорғауыңызсыз өте қиын. Бізге көмектесіңіздер", – деді Балакешова.

Фото: көрнекілікке алынды