Жетісуда қазан айының басынан бері жол апатынан 15 адам мерт болды

Уақыты: 19.10.2023
Оқылды: 420
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Жетісу өңірінде адам өліміне әкелетін апаттар жиілеп кетті. Тек қазан айының басынан бері облыс жолдарында 15 адам қаза тауып, 40-тан астамы түрлі дене жарақаттарын алды, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы.

Осыған байланысты облыстық полицейлер дабыл қағып, көлік жүргізушілерін жолда абай болуға шақырды.

«Қазан айының басынан бері облыс жолдарында 15 адам қаза тауып, 40-тан астам адам түрлі жарақаттар алды. Соңғы дерек Ескелді ауданында тіркелді. «Алматы-Өскемен» тас жолының 288-ші шақырымында «ГАЗель» мен «ВАЗ-21099» көліктері соқтығысты. Көліктің 35 жастағы жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Төрт адам ауруханаға жеткізілді», - деп хабарлады Жетісу облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Жол апатының жиілеп кетуіне байланысты полицейлер күнделікті патрульдік қызметті күшейтті. Тәртіп сашылары көлік жүргізушілерінен жол қауіпсіздігі талаптарын ескеруді, сондай-ақ көлікті басқару кезінде қырағылық танытуды сұрайды.

Сурет: ашық дереккөзден