ШЕГАРАШЫ САРБАЗДАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Уақыты: 19.10.2023
Оқылды: 655
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

ҚР ҰҚК Шегара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты Алакөл ауданы бойынша шегара басқармасының техникалық және кәсіптік даярлау бөлімі «Күз – 2023» мерзімді әскери қызметшілерімен көрсетілім сабағы өтті.

Жас толқынның жаңа оқу кезеңіне арналған шарада шегара басқарамасының бастығы, полковник И. Кирянов жас сарбаздарға шегара қызметі жайлы баяндады.

Кездесу барысында әскери өмірге алғашқы қадам жасаған сарбаздарға «ҚР ҰҚК шегара қызметінің қалыптасуы және даму тарихы» тақырыбында дәріс оқылды. Сонымен қатар, «Әскери қызметшілерді орналастыру және ішкі тәртіп», «Мерзімді қызмет сарбаздарының әскери тамақтануы, заттай және ақшалай үлесі туралы жалпы ережелерді зерделеу» тақырыптарда сабақ өтті.

Әскери плацта сарбаздарды азық-түлік, киім-кешек үлестерімен, радиациалық, химиялық және бактериологиялық қорғаныспен, инженерлік құралдарымен, қару-жарақ үлгілерімен және байланыс құралдарымен таныстырды.

Жас сарбаздар қорғаныс істер депатаментінде қызметтік итпен шегара бұзушыны ұстаудың әдіс-тәсілдерін тамашаласа, далалық оқу орталығында шегара қызметінде пайдаланылатын қару-жарақтармен атуды көрсетті.

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті