Көлік ұрлауға қатысты екі күдікті ұсталды

Уақыты: 20.10.2023
Оқылды: 525
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Жетісу облысының полицейлері "Құқықтық тәртіп" профилактикалық іс-шарасының аясында  көлік ұрлауға қатысты екі күдіктіні ұстады, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы.

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше бірінші факті Ескелді ауданында тіркелді, онда полицияға Бақтыбай ауылының тұрғыны Тойота Калдина автокөлігінің ұрланғаны туралы арыз жазды. Ұрланған көлік тауылып, автоледиге қайтарып берілді. Көлік ұрлығын жасады деген күдікпен тәртіп сақшылары өтініш берушінің 26 жастағы ауылдасын  ұстады.

Екінші жағдайда Панфилов аудандық полициясының қызметкерлері көзге түсті, олар ауылдық дәмханалардың бірінде тұрған Мерседес Бенц көлігін ұрлап кеткен 20 жастағы жігітті құрықтады. Көп ұзамай автокөлік табылып, заңды иесіне қайтарылды.

Фото: ашық дереккөзден