Жетісу облысының жолдарын Ekin patrol бақылайды

Уақыты: 15.11.2023
Оқылды: 581
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Жетісу облысында ереже бұзғандарды автоматты түрде анықтап, айыппұл салатын арнайы қондырғысы бар автокөліктер жолға шықты, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы Kazinform-ға сілтеме жасап.

«Ekin patrol» деп аталатын жаңа құрылғы - төңіректі 360 градусқа дейін шолып, өзінен 70 метрге дейінгі қашықтағы автокөліктің нөмірін жазып алуға қабілетті 14 камерасы бар «ақылды» жүйе. Бүгіннен бастап осы қондырғымен жабдықталған 3 автокөлік Жетісу облысының жолдарындағы жұмысын бастады.

Бүгіннен бастап Ekin patrol орнатылған 1 патруль көлігі қала ішінде, екеуі облыс аумағында жол тәртібін бақылап жүр. Енді автокөлік иелерінің жолда абайлап қозғалуына тура келеді. Жаңа патруль жол бойында дұрыс қойылмаған көлікті де, жолдағы реттеу жолағынан асып кеткен немесе бағдаршамның қызыл шамына өтіп кеткен автокөліктерді де түсіріп алады, - дейді Жетісу облысы Полиция департаменті таратқан ақпаратта.

Жалпы енді жол ережесін бұзатындар азаюы мүмкін. Өйткені көлік жүргізушілерінің көбі жол бойында, бір орында ілініп тұрған камералардың маңында ғана ереже сақтайтыны жасырын емес.

Ал жылжымалы камера ереже бұзу сәтін кез келген жерден бақылай алады екен. Демек, енді көлік тізгінін ұстағандар жолда абай болып, ереже сақтап жүретін болды.