Жетісу облысында 14 жастағы ұл баланы жаттықтырушысы зорлаған

Уақыты: 08.12.2023
Оқылды: 808
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Жетісу облыстық Полиция департаменті Талдықорған қаласындағы жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысын қамауға алды, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы.

"Спорт мектебінің 25 жастағы жаттықтырушысы өзінің 14 жастағы шәкіртін – ұл баланы жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрлеген болуы мүмкін. Оқиғаға қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", – делінген ақпаратта.

Қылмыстық іс Жетісу облысы Полиция департаменті басшысының тікелей бақылауында.

Фото: vera.kz