Жауапкершілік жүгі ауыр

Уақыты: 12.12.2023
Оқылды: 625
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Сотта мемлекет мүддесін қорғау өкілдігі – прокуратура жұмысының басым бағытының бірі. 

Соған орай прокурорлар қоғамдық мүддені немесе физикалық, психикалық және өзге де мән-жайларға байланысты өз құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды өздігінен жүзеге асыра алмайтын адамдарды қорғау талап етілгенде; сот қажет деп таныған кезде; ата-ана құқығынан айыруға; нормативтік- құқықтық актінің заңдылығын даулауға; кәмелетке толмаған баланы девиантты мінез-құлықты балаларға арналған арнайы білім беру ұйымына немесе ерекше ұстау режимі бар ұйымға орналастыруға; балаларды асырап алу, бала асырап алудың күшін жою, бала асырап алуды жарамсыз деп тану сынды азаматтық істер бойынша сот отырысына қатысады.

Биыл соттардың 500-ден астам азаматтық істерді қарауына қатысқан Жетісу облысының прокурорларының өтінішімен заңға сәйкес 4 сот актісі келтіріліп, мемлекеттің мүддесі 23 миллион теңгеге қорғалды. Сондай-ақ, прокуратура актілерімен бұзылған құқықтарды қалпына келтірудің бір мысалы ретінде Ақсу ауданындағы жер заңнамасын бұзу дерегін айтуға болады. Облыс прокуратурасының апелляциялық өтінішін сот қанағаттандырды. Бұл уәкілетті органның нұсқамасын орындауға және өткізілген заңсыз конкурстың күшін жоюға, сондай-ақ, жаңа жер конкурсын тағайындауға әкелді.

Сонымен қатар, прокурорлар азаматтық процеске қатысқан кезде субсидияларды негізсіз пайдалану дерегі бойынша кәсіп- орынның лауазымды тұлғасына қатысты қылмыстық құқықбұзушылық белгілерін анықтап, қылмыстық іс Алакөл аудандық сотына жолданды. Нәтижесінде  прокурорлық қадағалау актілерімен азаматтық және әкімшілік істер бойынша бірыңғай сот тәжірибесі қалыптасты.
Бұл бағыттағы жұмыс жалғасады

Самал Жабайханова,
Жетісу облыстық прокуратурасы  қоғамдық мүдделерді қорғау 
басқармасының аға прокуроры
Фото: manas.news