Жетісу облысында экстремистің үйінен 13 қап есірткі тәркіленді

Уақыты: 14.12.2023
Оқылды: 622
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Жетісу облысының полицейлері мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті облыстық департаментінің қызметкерлері бірлесіп арнайы операция өткізді, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы.

Бірлескен іс-қимыл нәтижесінде Сарқан ауданының 45 жастағы тұрғыны ұсталды. Күдіктінің мекенжайы бойынша санкцияланған тінту өткізу кезінде полицейлер 13 қап марихуана тапты.

«Күдікті адамның ел аумағында тыйым салынған діни-экстремистік ұйымның жақтаушысы екені анықталды. Осыған байланысты жедел іс-шаралар облыстық прокуратураның үйлестіруімен жүргізілді. Қазір есірткіні заңсыз сақтау фактісі бойынша да қылмыстық іс қозғалды», – деп хабарлады Жетісу облысы ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері.

Фото: Жетісу облыстық ПД