ТЕКЕЛІ ТҰРҒЫНЫНАН ІРІ МӨЛШЕРДЕ МАРИХУАНА ТӘРКІЛЕНДІ

Уақыты: 16.01.2024
Оқылды: 633
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы Текелі қаласының тұрғынынан бір келіден астам кептірілген марихуана тәркіледі, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы.

ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс тіркеліп, іс шеңберінде күдіктінің тұрғылықты жері бойынша сотпен санкцияланған тінту жүргізілді.

«27 жастағы тұрғынның үйін тінту барысында пакет, сондай-ақ есірткіге ұқсас заты бар алты газет бумалары табылды. Жүргізілген сараптама тәркіленген өнімнің жалпы салмағы 1 кг 326 гр кептірілген марихуана екенін көрсетті. Ер адам өзін ақтау үшін есірткі заттары жеке қолдануға арналғанын айтқан», – деп хабарлады ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Мұрат Жұмабаев.

Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынды. Тергеу жүргізілуде.

Фото: Жетісу Облысының Полиция Департаменті