ТАЛДЫҚОРҒАНДА ЖАСӨСПІРІМДЕР АТЫСҚАН

Уақыты: 14.02.2024
Оқылды: 422
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Талдықорғанда жасөспірімдер арасында атыс болған. Оқиға орнынан түсірілген кадрлар Instagram-дағы taldykorganec.insta парақшасында жарияланды.  Бұл мәліметке қатысты Жетісу облыстық ПД пікір білдірді.


Фотоларда полиция қызметкерлері мен бір топ жігітті көруге болады.

"Талдықорған орталығында жасөспірімдер атыс ұйымдастырған ба? Жергілікті тұрғындардың айтуынша, осыдан бірнеше күн бұрын Күлгін ауданында атыс дауысы естілген. Оқиға орнында жастар жүрген. Көп ұзамай олар ұсталды", - делінген видеода.

"Полицейлер төбелеске қатысы адамдарды анықтады. Төбелескендер арасында зардап шеккендер жоқ. Қажетті сараптамалар тағайындалғаннан кейін сотқа дейінгі тергеу басталды", - деді облыстық ПД өкілдері.