"ЖАҢА БІР СЕРПІЛІС": БЕЙБІТ МИТИНГ ТУРАЛЫ ЗАҢГЕРЛЕРДІҢ ПІКІРІ ҚАНДАЙ?

Уақыты: 21.04.2020
Оқылды: 1095
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Еліміздің әр өңірінде Бейбіт жиындар өткізу туралы Заң жобасы қызу талқылануда. Осыған орай, Алматы облысының да бір топ тұрғыны, әр салада қызмет атқаратын мамандар жаңа Заң жобасына байланысты пікір білдірді. Олардың айтуынша, қабылданатын Заң демократиялық серпілістің айқын көрінісі ретінде болашақ жаңа бағытқа жол ашпақ.

* * *

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында бейбіт жиындар өткізу туралы заң жобасы талқылануда.

Қоғамдық санаға бейбіт жиналыс, митинг мәдениеті туралы түсінікті қалыптастыру керек. Бірақ митинг деген адамның құқығы ғана емес, сонымен қатар, жауапкершілік те екенін түсіну керек.

Бейбіт жиналыстар туралы жаңа заң жобасы республикадағы саяси сауаттылықты ашып, құқықбұзушылықсыз, жаңа қоғамға сай демократиялы түрде бейбіт келісімдердің кепілі ретінде жаңа бір серпіліс болып табылады.

Н.ГАЛИЕВ,

Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің заң қызметкері

 

* * *

Қазақстан Республикасы Конституциясы адамның, оның құқықтары мен бостандықтарының ең жоғары құндылық екенін мойындайды. Бұл халықаралық құқықтың негізгі қағидаттарына сәйкес келеді. Ал адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын мойындау, сақтау және қорғау - мемлекеттің міндеті.

Мемлекет азаматтарға оның құқықтары мен бостандықтарының іске асырылуын қамтамасыз ету үшін жағдай жасауға міндетті.

Қазақстан Республикасы Конституциясы 12-баптың 1, 5-тармақтарын, 32-бапты негізге ала отырып бейбіт жиындар өткізуді қолдаймын. Себебі, бейбіт жиын өткізу ел азаматтарына өз пікірін білдіру бостандығын пайдалануға мүмкіндік береді.

Бейбіт жиындарды және сөз бостандығын бейбіт түрде жүзеге асырған азаматтарға белгіленген әкімшілік жауапкершілікті тоқтату қажет.

Г.САЛҒАРАЕВА,

«Талдықорған заң колледжі» ММ заң пәндерінің оқытушысы

* * *

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында бейбіт жиын өткізу туралы заң жобасы талқыланып жатқаны белгілі.

Қазақстандағы митингілер туралы ескі заң 1995 жылы қабылданған болатын. Мемлекет басшысының халық үнін еститін мемлекет құру қағидасы негізінде жаңартылды.

Бейбіт жиналыстар туралы жаңа заң жобасы біздің Республикадағы саяси процестерді одан әрі ырықтандырудағы елеулі серпіліс болып табылады.

Ж.НҰРМҰХАНОВА,

«Талдықорған аймақтық әйелдерді қолдау орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы, заңгер

Сурет ғаламтордан алынды