КҮНДІЗ ҰРЛЫҚ ЖАСАЙТЫН 29 ЖАСТАҒЫ ЖІГІТ КІНӘСІН ТОЛЫҚ МОЙЫНДАДЫ

Уақыты: 05.12.2020
Оқылды: 1242
Бөлім: ҚҰҚЫҚ-ЗАҢ

Бір аптада Еңбекшіқазақ ауданының Шелек ауылында күндізгі уақытта жеке үйлерден пластикалық терезелер арқылы төрт ұрлық жасалған. Бұл туралы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Күдікті ақша, алтын, күміс бұйымдар мен киім, техника және басқа да құнды заттарды қолды қылған. Барлық төрт дерек те ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы, 3-бөлігі 3-тармағы бойынша тіркелді.

- Құрылған жедел-тергеу тобы ізі суымай ұсталған күдіктінің төрт ұрлыққа қатыстылығын анықтады. Ұсталған - Қаратал ауданы, Үштөбе қаласының 29 жастағы тұрғыны. Ұсынылған дәлелдемелерден кейін ол өз іс-әрекетін мойындап, өз еркімен ұрланған тонды және ең соңғы рет ұрлыққа түскен жерінен алынған 100 теңгелік тиын түріндегі ақша қаражатын қайтарып берді. Ол ұрланған заттарды бірден Алматы қаласына апарып, базарларда бейтаныс сатып алушыларға сатқан. Ол одан түскен ақшаны жеке қажеттіліктеріне жұмсаған, - дейді Еңбекшіқазақ аудандық полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Талғат Сейілханов.

Күдікті уақытша ұстау оқшаулағышына қамаққа алынды, жақында ол сот алдында жауап береді.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"