Бір уақыт белдеуіне көшу: Жұма намазы 1 наурыздан бастап нешеде оқылады

Уақыты: 26.02.2024
Оқылды: 371
Бөлім: ТҮПСАНА

Республиканың бірқатар өңірінде жұма намазын оқу уақыты өзгереді.

Қазақстанның 1 наурыздан бастап бір уақыт белдеуіне көшуіне байланысты елімізде жұма намазын оқу уақыты жаңарады. Жаңа кестені Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Информбюро порталының сұрауына жауап ретінде ұсынды.
Өңірлер бойынша 
жұма намазын оқу уақыты:

Сағат 13.00: Абай облысы;
Сағат 13.10: Алматы қаласы, Алматы, Жетісу облыстары;
Сағат 13.15: Астана қаласы, Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Ұлытау облыстары;
Сағат 13.20: Шымкент қаласы, Жамбыл, Түркістан облыстары;
Сағат 13.30: Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстары;
Сағат 13.49: Атырау облысы;
Сағат 13.52: Маңғыстау облысы;
Сағат 13.55: Батыс Қазақстан облысы.

Фото: muftyat.kz