Жасампаз жоба

Уақыты: 16.09.2018
Оқылды: 1131
Бөлім: ТҮПСАНА

Танымалдылықты артық дүние санайтын көптеген тұлға өздерінің мерейлі істері үлкен бір ұрпақты тәрбиелеуге жететіндігін ескермейді. Адамгершілігі мол адамның қарапайым келетіндігі де белгілі. Осы орайда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында «100 жаңа есім» жобасын ұсынған болатын. 

Тәуелсіздік жылдарында еліміздің дамуына елеулі үлес қосып, адамдардың табыстылығы мен бәсекеге қабілеттілігін, олардың өмір тарихы арқылы жас ұрпаққа насихаттауды мақсат тұтқан имидждік бірегей жоба бүгінде халықтың бірауыздан қолдауына ие болып үлгерді.
Соған сай Достық үйінде Қазақстанның «100 жаңа есіміне» облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасынан ұсынылып отырған жерлестерімізбен кездесу өтті. Үміткерлердің бірі – ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстан Жазушылар одағы Алматы облыстық филиалының директоры Ерлан Жүніс болса, екіншісі – Талдықорған қаласы Дарынды балаларға арналған үш тілде оқытылатын №20 арнаулы лицейі директорының көптілділік жөніндегі орынбасары, облыстық «Жыл мұғалімі– 2017» жеңімпазы Айша Мұхаметчина.
Қазірдің өзінде жүз есімді анықтау мақсатында әр өлкеде қызу ұсыныстар келіп түсуде. Ақылымен, дарынымен заманауи қазақстандық қоғамды қалыптастыруға үлес қосқан тұлғалардың санаты сағат санап өсіп жатқандай. Әрбір адамның мақсаты – бұл туған елі мен кіндік қаны тамған атамекеніне еңбек сіңіру, бұл өмірге келуінің де басты миссиясы екендігін сезіне алуы қажет.
Кездесуге БАҚ өкілдері, ұстаздар, өңір әдебиетінің белді өкілдері қатысты. Үміткерлердің әріптестері мен шәкірттері жылы лебіздерін білдірді. Айта кету қажет, қос үміткеріміздің де кіл жүйріктердің ішінен оза шабуына әрбір берілген дауыс ықпал етеді. Сондықтан 100esim. el. kz сайтына кіріп ережеге сай дауыс беріп, жерлестерімізге қолдау көрсетуіміз қажет. Біз барша Жетісу жұртшылығын өз таңдауын жасауға, дауыс беруде белсенділік танытуға шақырамыз.

Қабыл ИСА