"КІРПІШ ҚҰЙЫП, АҚША ТАПҚАН": ЕЛБАСЫ ТУРАЛЫ ҚЫЗЫҚТЫ ДЕРЕКТЕР

Уақыты: 01.12.2019
Оқылды: 1190
Бөлім: ЖАНСАРАЙ

Қазақстандықтардың басым көпшілігі қолданатын "Facebook" желісінде Елбасы - Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ туралы қызықты 12 дерек тарады. Көпшілік желі арқылы бөліскен деректе Елбасының өмір жолынан көз тоқтатып оқитын қысқа ақпараттар ұсынылған. 12 деректің толық реті төмендегідей:

1.Туғанда салмағы 5 келі болған.
2. Есімін Құрандағы екі есімді біріктіріп әжесі қойған.
3. Бала кезінде ұшқыш болуды армандаған .
4. Үш жыл бойы орыс тілінде білім беретін сыныпта оқыған.
5. Жас кезінде көршінің үйін тұрғызу үшін кірпіш құйып, ақша тапқан.
6. Мектептегі аттестатында бір ғана "төрт" болған.
7. Мектепті бітіргеннен кейін химик болуды жоспарлаған.
8. Днепродзержинскіде оқып жүргенде, күрестен Украинаның спорт шебері болған.
9. 22 жасында бірінші рет шетелге шыққан, ол ел - Финляндия.
10. Ата-анасы "Түрксіб" (теміржол) құрылысына қатысқан.
11. Әкесі балқар тілін жақсы меңгерген.
12. Нағашы атасы молда болған.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Сурет ғаламтордан алынды