ТАЛҒАРДА ЖОЛ АПАТЫ САЛДАРЫНАН АНА МЕН БАЛА КӨЗ ЖҰМДЫ - ПОЛИЦИЯ

Уақыты: 20.10.2022
Оқылды: 1854
Бөлім: ҰЛТ ҰЯТЫ

Талғар ауданында жол жиегінде тұрған анасы мен қызын көлік қағып, мерт қылды.

«20 қазан күні сағат 09:50 шамасында Mercedes автокөлігінің 20 жастағы жүргізушісі екі жаяу жүргіншіні қағып кетті. Алдын ала мәлімет бойынша, жүргізуші «Алматы-Алатау» автожолымен батыс бағытта келе жатқан. Трассаның 4 шақырымында, Тұздыбастау ауылының маңында басып озу маневрін жасау кезінде рульге ие бола алмай қалып, жол жиегінде тұрған 28 жастағы әйел мен оның қызын қағып кетті. Жол-көлік апаты салдарынан Алматы қаласының 28 жастағы тұрғыны мен оның қызы оқиға орнында қаза болды», - делінген полиция мәліметінде.

"АЛАТАУ-АҚПАРАТ"