АТА-АНАСЫНАН ЖАСЫРЫНҒАН ОҚУШЫ 45 КҮН ДАЛАДА ӨМІР СҮРГЕН - ПОЛИЦИЯ

Уақыты: 29.10.2022
Оқылды: 1641
Бөлім: ҰЛТ ҰЯТЫ

Алматы облысында жоғалып кеткен соң екі айға жуық уақыт іздестірілген оқушы табылды. Бұл туралы Алматы облыстық полиция департаменті хабарлады.

«Алматы облысының полицейлері еріктілермен бірлесіп, Қасейін Мұралды іздеп тапты. Айта кету керек, 14 жастағы жасөспірім 11 қыркүйек күні жоғалған және бүгінгі күнге дейін оның қайда екені беймәлім болған. Жасөспірімді іздеуге облыс полициясының жеке құрамы қатысты. Облыстық департамент бастығының жеке бақылауында болған іздеу іс-шараларына еріктілер де қатысты», - деп мәлімдеді Алматы облыстық полиция департаменті.

Полиция ақпаратына сәйкес, оқушы Талғар ауданының Сақтан кентінен табылды. Жасөспірімнің 40 күннен астам уақыт бойы ата-анасынан жасырынғаны белгілі болды. Ол далада өмір сүріп, адамдардың көзіне түспеуге тырысқан.

Қазіргі уақытта 14 жастағы бала үйіне оралды. Баланың әкесі полицейлерге және баланы іздеуге көмектескен еріктілердің барлығына үлкен алғысын білдірді.

«Кәмелетке толмаған жасөспірімнің үйден бірінші рет қашып кетпегені және ата-анасымен бірге тұрудан бас тартқаны белгілі болды. Осыған байланысты комиссия құрамында облыстық Қорғаншылық және қамқоршылық бөлімі, жергілікті атқарушы орган қызметкерлері, ювеналды полиция баланың болашақ тағдыры туралы мәселені шешеді», - деді полиция өкілдері.

"АЛАТАУ-АҚПАРАТ"