КОВИДКЕ ҚАРСЫ ВАКЦИНАЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ: ОБЛЫСТАҒЫ СОҢҒЫ МӘЛІМЕТ

Уақыты: 14.05.2021
Оқылды: 1049
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Алматы облысында коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинация қарқынды жүргізілуде. Бұл туралы "Жетісу" газеті хабарлады.

Бүгінгі күні коронавирус инфекциясына қарсы І компонентнпен облыста 184 715 адам егілді. Оның ішінде 21 050 медицина қызметкері бар. Ал педагогтар – 33 022, учаскелік полиция қызметкерлері – 1556, студенттер – 2073, медициналық-әлеуметтік мекеме контингенттері – 909, күш құрылымдарының қызметкерлері – 14 586, мемлекеттік қызметкерлер – 5455, созылмалы аурулары бар адамдар – 5243, басқа тұрғындар – 100 821.

Облыста ІІ компонентпен 71 071 тұрғын вакцинацияланды. Оның ішінде 15 038 медицина қызметкері бар. Сондай-ақ, 18 162 – педагог, 826 учаскелік полиция қызметкері, 695 студент, 358 медициналық- әлеуметтік мекеме контингенті, 4185 күш құрылымдарының қызметкері, 2013 мемлекеттік қызметкер екпенің екінші компонентін салдырды. Бұдан бөлек, созылмалы аурулары бар 1330 адам және әр санаттағы 28 464 тұрғын егілген.

Вакцинациядан кейінгі реакциялар мен асқынулар тіркелген жоқ.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"