АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА КЕШЕ 222 АДАМҒА КОВИД ДИАГНОЗЫ ҚОЙЫЛДЫ

Уақыты: 15.05.2021
Оқылды: 1378
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Соңғы мәлімет бойынша Алматы облысында барлығы коронавирустың зертханалық расталған 23 890 дерегі тіркелді. Соңғы тәулікте облыс бойынша 222 адам ауырған, өсім деңгейі 0,9 пайыз болды. Бұл туралы "Жетісу" газеті хабарлады.

Соның ішінде, Талдықорған қаласында - 51, Талғар ауданында - 48, Жамбыл ауданында - 20, Ұйғыр ауданында - 17, Іле мен Еңбекшіқазақ аудандарында - 15-тен, Панфилов ауданында - 13, Қарасай және Қаратал ауданында - 10-нан, Ескелді және Сарқан аудандарында - 7-ден, Текелі қаласында - 3, Алакөл - 2, Балқаш, Кербұлақ, Кеген аудандары мен Қапшағай қаласында - 1-ден ковид анықталды. Науқастармен барлығы 328 адам байланыста болған, олар медициналық бақылауға алынған, үй карантинінде.

Өткен жылдың тамызынан бері анықталмаған пневмонияның 4225 дерегі тіркелген, ал соңғы тәулікте анықталғаны - 64. Олар - Қаратал (20), Іле (12), Қарасай (10), Райымбек (4), Еңбекшіқазақ (3), Ақсу (1) аудандарында, Қапшағай (9), Талдықорған (4), Текелі (1) қалаларында. Сырқаттармен 122 адам байланыста болған, барлығы медбақылауға алынған.

Соңғы дерек бойынша ПЦР тәсілімен 639127 адам зертханалық тексеруден өткен, соңғы үш күнде тексерілгендер саны - 8262.

Облыста барлығы 2068 адам ем қабылдауда, 49-ы - ауыр халде. Бір тәулікте ауруханаларға 164 адам түсті, 210 адам ауруханадан жазылып шықты. Инфекциялық төсек-орын толымдылығы - 43,1 пайыз.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Сурет - ғаламтордан