КЕШЕ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА 125 АДАМ КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРДЫ: ЖАҢА МӘЛІМЕТ

Уақыты: 17.05.2021
Оқылды: 976
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Алматы облысында бүгінге дейін 24 426 адам коронавируспен ауырған. Соның ішінде, симптоммен ауырғандар саны - 15 116. Бір тәулікте облыста 18 адам жазылып шықты. Бұл туралы "Жетісу" газеті хабарлады.

Жүз мың тұрғынға шаққанда КВИ-мен сырқаттанушылық көрсеткіші 1142 адамды құрады. Облыс бойынша КВИ-дің өсу қарқыны соңғы 2 аптада 0,8 пайызға дейін төмендеді. Соңғы тәулікте КВИ-дің 125 жағдайы тіркелді, оның ішінде 95 симптомдық (76 пайыз) және 30 симптомсыз (24 пайыз) жағдай.

Алматы облысында былтырдан бері 20 572 адам жазылып шықты, бір тәулік ішінде стационардан 18 пациент сауығып, үйіне қайтарылды, 35 адам үйден оқшаулаудан шығарылды. Төсек-орын жүктемесі 33,2 пайызды көрсетіп отыр.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Сурет ғаламтордан алынды