ОБЛЫСТА ІНДЕТ ЖҰҚТЫРҒАН 40 АДАМНЫҢ ЖАҒДАЙЫ АУЫР: СОҢҒЫ МӘЛІМЕТ

Уақыты: 28.07.2021
Оқылды: 932
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

28 шілдедегі ақпарат бойынша Алматы облысында былтырдан бері коронавирустың зертханалық расталған 31226  дерегі тіркелді. Ал соңғы тәулікте облыста 220 адам вирус жұқтырған. Өсім деңгейі 0,7 пайызға көтерілді. Індетке шалдыққан 40 адамның жағдайы ауыр. Бұл туралы "Жетісу" газеті хабарлады.

Атап айтсақ, Еңбекшіқазақ ауданында - 24, Ескелді ауданында – 6, Жамбыл ауданында – 16, Іле ауданында - 20, Қарасай ауданында - 30, Қаратал ауданында - 14, Көксу ауданында – 3, Панфилов ауданында – 15, Сарқан ауданында – 1, Талғар ауданында – 48, Ұйғыр ауданында – 10, Қапшағай қаласында - 2, Талдықорған қаласында – 25, Текелі қаласында - 6 вирус жұқтыру жағдайы анықталды.

Анықталмаған пневмония бойынша 2020 жылдың 1 тамызынан бері облыста 5503 адам ауырған. Соңғы тәулікте ауырғандар саны – 56, Олар Еңбекшіқазақ (4), Қарасай (32), Ұйғыр (3) аудандары мен Қапшағай (15), Талдықорған (2) қалаларында. Өкпесі қабынғандармен 19 адам байланыста болған, барлығы медициналық бақылауға алынды, үй карантинінде.

Бүгінгі күні Алматы облысында 1976 адам стационарлық ем қабылдауда, соның ішінде 40 науқастың халі ауыр. Бір тәулікте ауруханаларға 288 адам түсті, 228-сі шығарылды. Инфекциялық төсек-орын жүктемесі - 56,2 пайыз.

Соңғы тәулікте короновирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін 3745 адам, екінші компонентін 9131 адам салдырды.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"