АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ЕКІ КҮН ІШІНДЕ 860 АДАМНАН КОРОНАВИРУС АНЫҚТАЛДЫ

Уақыты: 18.08.2021
Оқылды: 1030
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Алматы облысында екі күн ішінде 860 адам коронавирус жұқтырды. Оның ішінде, 111-і балалар. Бұл туралы "Жетісу" газеті хабарлады.

Мәселен, 17 тамызда облыста 383 адам қауіпті індеттің шырмауына іліксе, 18 тамызда бұл көрсеткіш айтарлықтай өсіп, 477-ге жетті. Облыста былтырдан бері КВИ-дің (коронавирустық инфекция) зертханалық расталған 38 063 жағдайы тіркелген, оның ішінде 26 132 адамның симптомдары бар. Облыс бойынша індеттің өсу қарқыны соңғы екі аптада 1 пайызға дейін артты. Соңғы аптадағы өсімнің жоғары қарқыны Алакөл, Балқаш, Ескелді, Қаратал, Кербұлақ, Панфилов, Сарқан және Кеген аудандарында байқалды.

Соңғы тәулікте Алакөлде - 8, Балқашта – 14, Еңбекшіқазақта - 39, Ескелдіде – 13, Жамбылда – 46, Іледе - 60, Қарасайда - 21, Қараталда - 10, Кегенде – 2, Кербұлақта - 8, Көксуда - 16, Панфиловта – 45, Райымбекте - 2, Талғарда – 37, Ұйғырда – 14, Талдықорғанда – 106, Текеліде - 30, Қапшағайда - 6 адамнан індет белгілері шықты.

Алматы облысында індет басталғалы барлығы 30 324 пациент емделіп шықты. Соңғы тәулікте 76 пациент стационардан емделіп, үйлеріне қайтарылды. 341 адамнан үй жағдайында оқшаулау алынып тасталды.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"