АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА 542 АДАМ КОРОНАВИРУСТАН САУЫҒЫП ШЫҚТЫ

Уақыты: 24.09.2021
Оқылды: 2104
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Өткен тәулікте Алматы облысында 270 адамның індетке шалдыққаны белгілі болды. Ал 542 адам сауығып, үйіне қайтарылған. Облыс әлі "сары аймақта" тұр. Бұл туралы "Жетісу" газеті мәлімдеді.

Соның ішінде, Талдықорған қаласында 76 жағдай, Еңбекшіқазақ ауданында – 34, Талғар ауданында – 19, Іле және Қарасай аудандарында 17 жағдайдан, Алакөл, Ескелді және Панфилов аудандарында 12 жағдайдан, Жамбыл және Ұйғыр аудандарында 11 жағдайдан, Сарқан ауданы мен Текелі қаласында 10 жағдайдан, Қаратал, Кербұлақ аудандарында 7 жағдайдан, Көксу ауданында – 6, Кеген ауданында – 5, Балқаш ауданында – 2, Райымбек ауданы мен Қапшағай қаласында 1 жағдайдан тіркелді.

Алматы облысында 1762 адам стационарлық ем қабылдауда. Бір тәулікте ауруханаға 124 адам түскен. Ауруханалардағы төсек-орын саны - 4255. Төсек-орын жүктемесі – 41,4 пайыз.

Соңғы үш күнде 13153 адамның сынамалары ПЦР зертханаларында тексерілді. Өткен тәулікте науқастармен қарым-қатынаста болған 16 адам анықталып, барлығы үй карантиніне және медицина қызметкерлерінің бақылауына алынды.

Алматы облысы бойынша коронавирусқа қарсы вакцинаның 1-ші компонентін алғандар саны – 742 336. Екпенің 2-ші компонентін алғандар саны – 636 197.

Құрметті жетісулықтар! Вирустың таралуын тоқтату үшін әрқайсыңыздан адамдар көп жиналатын орындарға барудан мүмкіндігінше бас тартып, сыртқа шыққанда бетпердеңізді дұрыстап тағып, әлеуметтік қашықтықты қатаң сақтауды сұраймыз.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"