БІР АПТАДА 175 АДАМНАН КОРОНАВИРУС АНЫҚТАЛДЫ. ЭПИДАХУАЛ КҮРДЕЛІ

Уақыты: 12.07.2022
Оқылды: 1577
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Алматы және Жетісу облыстарында коронавирус қайта өршіді. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, Жетісу және Алматы облыстарында соңғы аптада 175 жағдай тіркелген.

Жетісу және Алматы облыстарындағы COVID-19 бойынша эпидемиологиялық жағдай қайта қиындай бастады. Бірақ эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасында екі облыс та "жасыл аймақта" тұр.

Соңғы тәулікте Жетісуда 6, ал Алматы облысында 24 жағдай анықталды.

Алматы облысында індеттің өсу қарқыны соңғы екі аптамен салыстырғанда жоғары. Яғни, сырқаттанушылық 30-дан 119 жағдайға дейін өсті. Жетісу облысында да өсу қарқыны соңғы екі аптамен салыстырғанда 11-ден 56 жағдайға дейін өскен.

Коронавирусты жұқтырудың негізгі орындары:
- қоғамдық тамақтану орындары - 30%,
- қоғамдық көлік - 16%,
- отбасылық іс-шаралар - 39%,
- шетелден демалып келген азаматтар арасынан - 15%.

Ауырғандардың арасында толық екпе курсын алмағандар 22% құраса, мүлдем екпе алмағандар 28%-ды құрап отыр.

Екі өңір бойынша вакцинацилау көрсеткіштеріне көз жүгіртсек. Бүгінде екі облыстан 1 036 124 адам вакцинаның бірінші дозасын алды, бұл иммундауға жататын ересек халықтың 86,4 пайызын құрайды. Екінші компонентті 994 695 азамат алды. 418 450 тұрғын ревакцинация курсынан (3 доза) өтті. Одан бөлек, қайта ревакцинациялауды (4 доза) 19 656 адам қабылдады.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"