КОРОНАВИРУС ҚАЙТА КҮШЕЙДІ. БАС САНИТАР СЕГІЗ ТҮРЛІ КЕҢЕС ҰСЫНДЫ

Уақыты: 13.07.2022
Оқылды: 1312
Бөлім: ДЕНСАУЛЫҚ

Алматы облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері коронавирустың таралуына жол бермеу мақсатында тұрғындарға 8 түрлі кеңес ұсынды. Олар мынадай:

1.Адамдардан қауіпсіз қашықтықта болыңыз (кем дегенде 1 метр), тіпті, ол адам ауырып тұрмаса да.
2.Қоғамдық орындарда, әсіресе, жабық жерлерде және қауіпсіз қашықтықты сақтау мүмкін емес жерлерде бетперде тағып жүріңіз.
3.Жабық, нашар желдетілетін жерлерден аулақ болуға тырысыңыз. Үйде болған кезде терезелерді ашып, таза ауамен желдетіңіз.
4.Қол гигиенасын сақтаңыз, сабынды сумен жиі жуыңыз немесе антисептик қолданыңыз.
5.Уақытыңыз келгенде вакцинация жасаңыз. Вакцинация бойынша жергілікті нұсқауларды орындаңыз.
6.Жөтелгенде немесе түшкіргенде ауызды және мұрынды шынтақпен немесе орамалмен жабыңыз.
7.Егер сіз өзіңізді жайсыз сезінсеңіз, үйде болыңыз.
8.Егер сізде қызу, жөтел және тыныс алу қиындаса, медициналық көмекке жүгініңіз. Мұны неғұрлым тезірек жасасаңыз, соғұрлым тезірек қажетті дәрігерге барасыз. Осылайша сіз өзіңізді қорғап, вирус пен басқа инфекциялардың таралуына жол бермейсіз.

Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз!

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"